Махамбетте өткен есептік кездесуде тұрғындар көтерген төрт мәселеге байланысты жұмыстар атқарылған. Нәтижесінде ауылдағы трансформаторды ауыстыру бойынша конкурс жарияланып, «Қостанай трансформаторлық зауыты» АҚ жеңімпаз болып танылып, қазір келісімшарт жасақталуда.
Нұрпейсова көшесі толық асфальтталды. Қар суының өтуін қамтамасыз ету үшін жөндеуден өткен жол астына құбыр салу жөнінде мердігермен келісілді. Островная көшесіндегі бөгеттің үстіндегі жолды нығайту бағытындағы жұмыстар басталуда. Жалпы өткен кезең ішінде мұнда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Мәселен, Махамбеттің 7 көшесіне 55, Горбуновқа қосымша 10, Павловқа 8 шам орнатылған. Павловқа мачталық антена да қойылды. Горбунов пен Павлов та балалар үшін арнайы ойын алаңдары жасақталды. Бүгінгі таңда шешімін таппай отырған мәселенің бірі – қалаға қатынайтын автобус маршрутының жоқтығы.
Жиын барысында ауыл тұрғындары тарапынан жөндеуден өткен ауыл клубында жастарға арнап би кештері мен мазмұнды іс-шаралар жөнді өтпейтіні турасында айтылды.
-Әр ауылдық клубта би кештері өтіп тұруы керек. Тек жастар емес, орта, «күміс» жастағылар үшін би ұйымдастырған дұрыс. Халыққа демалыс, серпіліс, жақсы көңіл-күй сыйлайтын кештер де өтіп тұруы керек қой. Ауыл әкімдеріне осыны қадағалауды тапсырамын,-деді Марат Лұқпанұлы.
Сәлім Мәмбеталиев,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz