31.03.2024, 12:55
Оқылды: 57

Мәжіліс депутаттары Қаратөбе ауданына келді

Қаратөбе ауданына қарасты Қоржын ауылын тасқын су басып, ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын. Орын алған табиғи апатқа байланысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нартай Аралбайұлы мен Сергей Пономарев жұмыс сапарымен Қаратөбе ауданында болды.

Су Қаратөбе 2024

Қоржын ауылындағы су тасқыны кезінде 130 үйге су кіріп, эвакуацияланған 330 тұрғын аудан басына жеткізілді. Қ.Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясының жанындағы «Дарын» интернатына 174 тұрғын орналастырылса, қалғандары аудан басындағы, Орал қаласындағы тума-туыстарының үйлеріне барған.

Депутат (5)

Қаратөбеге келген Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы «Дарын» интернатында жатқан қоржындықтармен жүздесіп, жан-жақты көмек қарастырылатындығын жеткізді.

– Қаратөбе ауданының орталығына арнайы келіп, Қоржын ауылының тұрғындарымен кездестік. Жағдай өте қиын. Су басқан ауылға тікұшақтан басқа ешқандай техника жете алмайды. Тасқын салдарынан үйлер құлап, мал шығыны болған. Ауыл тұрғындарына үй салу жағы алдағы уақытта шешілуі тиіс және барлық шығындарына өтемақы қарастырылады, - деді Нартай Аралбайұлы.

Депутат (6)

Сапар барысында Мәжіліс депутаттары қоржындық ағайынның жеке мәселелерін де тыңдап, ауыл халқын тамақтандыратын мектеп-гимназияның асханасын аралап көрді.

Депутат (8)

Сонымен қатар Қалдығайты өзенінің арнасы бұзып кеткен ауыл шетіндегі жолдың жай күйімен танысты.

Серікбай Хасанов, 

Қаратөбе ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале