25.02.2022, 9:50
Оқылды: 61

Мәжіліс депутатының жұмыс сапары

Бөкей ордасы ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар жұмыс сапарымен келді. Сапар Бисен ауылының 1,4 км. кірме жолдың құрылысымен танысудан басталды.

FB_IMG_1645763808446

Аудан басшысы Нұрлыбек Даумов Бисен ауылының бүгінгі ахуалымен таныстырды. Биыл таза ауыз су мәселесі шешімін тапқанымен ауылдық мәдениет үйінің жайы әлі де өзекті екенін, елді мекендердегі медициналық амбулаториялардың күрделі жөндеуге сұранып тұрғанын айтты.

FB_IMG_1645763805117

Бисен ауылдық округінің әкімі Кенжебек Құрмашев ауылдың бүгінгі бас ауыртар басты мәселесі - ұялы байланыстың нашарлығын мәселе ғып көтерді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар өз кезегінде аталмыш мәселе бойынша тиісті министрлікпен сөйлесіп, мәселені аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале