15.06.2023, 17:09
Оқылды: 63

Медицина қызметкерлері күні аталып өтілді

Бүгін Қаратөбе ауданында жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті.

Медицина күні (1)

«Бірінші байлық – денсаулық» деп, дана халқымыздың сөзі бекерге айтылмаған. Ауырсақ тәнімізді емдеп, жанымызға дем беретін дәрігерлер қауымы қашанда құрмет тұтуға лайықты жандар.

Ежелден дәрігерлік қызмет асыл, әрі адамгершілікті ту еткен кәсіп болып саналады. Қандай қиын сәттер мен ауыр жағдайларда да дәрігерлер мен мейірбикелер өз ісіне мұқият қарап, адам жанының арашасы бола білді. Дәуір мен өркениет алмасып келсе де, олардың Гиппократ антына адалдығы сол күйінде қалып отыр.

Аудандық ауруханамызда тәжірибелі мамандарымыз баршылық. Орта, жас буын мамандарымыз жұмыс барысында өз істерінің мамандары екендігін дәлелдеп келеді.

Ауданымызда денсаулық сақтау жүйесіне бөлінетін қаржы да жылдан жылға артып, аудандағы емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылып келеді.

Сіздерге аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз бен игілікті істеріңіз, өз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін, - деді аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев.

Медицина күні (3)

Медицина саласы мамандарының төл мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада сөз сөйлеген Қаратөбе аудандық мәслихатының төрағасы Нұрлан Меңдешев, «Amanat» партиясының аудандық филиалының төрағасы Абат Зейнуллин ақ халатты абзал жандардың қызметтеріне шын ниеттен ризашылықтарын білдіріп алғыс хаттармен марапаттады.

Айтулы мерекеге орай өз парызын адал және лайықты орындап жүрген  медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтаған аудандық орталық аурухана директоры Ербол Меңдіғалиев қызметте табысты болуға тілектестігін жеткізіп, бірқатар әріптесіне өз атынан және салалық кәсіп одақ ұйымының атынан алғыс хаттар табыс етті.

Медицина күні (9)

Мерекеге орай аудандық мәдени-демалыс орталығы әншілерінің сазды бағдарламасы қойылып, барша ақ халатты абзал жанды шаттыққа бөледі.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале