16.06.2022, 18:11
Оқылды: 44

Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Маусым айының үшінші жексенбісінде елімізде Медицина қызметкерлері күні аталып өтеді. Атаулы күн қарсаңында көзге көрінбес жаумен күресіп, көптеген адамға екінші өмір сыйлаған дәрігерлердің кәсіби мейрамына орай Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара оздырылды.

026ABE9E-91CA-4751-8262-FE5C11DDC513

Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова аудандағы ақ халатты абзал жандарды және осы саланың ардагерлерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтап, ел мен халық алдындағы адал қызметін бағалап, оларға өз алғысын білдірді. Сонымен қатар өңір басшысы адам жанының арашасы болып жүрген мейірімді жандарға алғысхаттар табыс етті.

Жиын барысында аудандық аурухананың директоры Қылыш Жазықбаев және аудандық аурухананың кәсіподақ төрайымы Айгүл Тәжекенова да азаматтардың денсаулығын сақтауға қосқан үлестері үшін медицина мамандарына алғысхат табыс етті.

Салтанатты жиын аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары дайындаған тамаша концерттік бағдарламамен ұласты. Ән, күй, құрмет, алғыс та ақ желеңді абзал жандарға арналды. 

Қазіргі таңда ауданымыздың медицина ұйымдарында барлығы 29 дәрігер, 127 орта буынды медицина қызметкерлері және жүздеген техникалық қызметкерлер қызмет етіп, адам өмірі үшін жүктелген үлкен жауапкершілікті көтеріп келеді.

Арман Керей,

 Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале