Қазан айының соңғы жексенбісі Елбасының Жарлығына сәйкес, әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерекесі күні болып бекітілген. Аталған жүйе қызметкерлері еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, халыққа және қамқорлықты қажет ететін жандарға қалтықсыз қызмет етуде. Күні бүгінде Казталов ауданы бойынша кәсіби біліктілік пен адамгершілік қасиетті арқау етіп 202 әлеуметтік сала қызметкерлері өз міндеттеріне қалтқысыз еңбек етуде. Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлері қандай да құрметке лайық.
26 қазан күні Казталов ауданының орталығында әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Исатайқызы, - Әлеуметтік қызметкер – белгілі бір көмекке мұқтаж адамдарға демеу болар адам ғана емес, ол қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік саясатты реформалауға қатысушы жан. Адам өміріне сенім, жанына үміт сыйлаған сіздердің төл мерекелеріңіз құтты болсын!-деген тілегін білдіріп, осы салада еңбектеніп жүрген бір топ қызметкерлерге алғысхаттар табыстады.
Сонымен қатар салтанатты шарада әлеуметтік сала қызметкерлеріне құттықтау тілектер айтылып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы, облыстық және аудандық кәсіподақ ұйымы, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы атынан алғысхаттар берілді.
БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының алғысхатымен Казталов, Жалпақтал ауылдық округінің әлеуметтік қызметкерлері Ақжанар Баймурзина мен Ғалия Аяпова және Тереңкөл ауылдық округінің ассистенті Арман Уәлиоллаұлы, Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Тимур Батырқайырұлы марапатталды. Аудан әкімінің алғысхатымен Қараөзен, Болашақ, Қошанкөл, ауылдық округінің әлеуметтік қызметкерлері Жаңылсын Талапқызы, Жанар Тәлешқызы, Ақмарал Закарияқызы және Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Жанна Шынболатқызы мен Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мейірбикесі Қарлығаш Бекболатқызы марапатталды.
«Нұр Отан» партиясының алғысхатымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бөлімше меңгерушісі Бақытжамал Базарғалиқызы, халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Алмат Бауыржанұлы, Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының палаталық санитары Алтынай Ситекова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының алғысхатымен Жаңажол, Казталов ауылдық округінің әлеуметтік қызметкерлері Айгерім Темірбекқызы, Арайлым Айтжанқызы және халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесші маманы Айдана Марсқызы марапатталды. Облыстық мемлекеттік мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының алғысхатымен Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Бақдәулет Қанатұлы, Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының палаталық санитары Гаухар Бекесқызы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директорының алғысхатымен орталықтың санитар тазалықшысы Ақмарал Жексенғалиқызы марапатталады.
Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры алғысхатымен Қараоба, Жалпақтал ауылдық округінің ассистенттері Жұмагүл Берікқызы, Гүлнара Аппалченқызы марапатталды.
Әлеуметтік сала-елімізде айрықша қажырлы еңбек пен кәсіби біліктілікті талап ететін үлкен сала. Себебі, әлеуметтік көмек пен ерекше мейірімге мұқтаж жандарға бар күш жігеріңіз бен адамгершілік болмысыңызды арнап қызмет етесіздер, сіздерге артылар жүк те ауыр. Еліміздің гүлденуі мен өркениетті елдер қатарында серпінді дамуы және ауыл тұрғындарының игілігі жолындағы жауапты әрі қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Жұлдыз Асқар,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz