28.10.2022, 10:46
Оқылды: 73

Мейірім шуағы төгілген кеш

Кеше Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында «Жүректен жүрекке» атты мерекелік кеш өтті. Қазақ соқырлар қоғамының құрылғанына 85 жыл толуына және қайырымдылық айлығы аясында ұйымдастырылған шараға аудандық мәдени тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұхтар Танатжан, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Батима Кентуғаева, "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұрат Қадырбеков қатысты.

3

«Қайырлы күн баршаңызға, ауданымызға қош келдіңіздер! Құрметті Мұрат Жақсығалиұлы, сізге және сіз бастап келіп отырған өнер ұжымына алғысымды білдіремін. Өнерлеріңіз тек өрге жүзсін, өнерлеріңізге тәнтіміз. Отбасыларыңыз аман болсын»,- деді Мұхтар Танатжан.

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Шара  барысында зағип жандар өз өнерлерін көрсетіп, халықты тәнті етті. Мұхтар Танатжан аудан әкімінің атынан Мұрат Жақсығалиұлына алғысхат табыстады.

Облыс әкімінің атынан Рысқаным Ғалиасқар "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толуына орай алғысхатпен марапатталды.

Қай заманда, қай уақытта болмасын мейірімділік жасауға, жақсылық жасауға асығайық! Жүрегі мейірімге толы жақсы адамдар көп болсын.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале