11.09.2024, 10:00
Оқылды: 229

«Мекеме ауласына гүлдің 25 түрін еккен»: Жаңақалада әдеміліктің тілін тапқан ұжым бар

Сірескен қар еріп, жадыраған көктем де жетті. Әні-міне деп жазды да аяқтадық. Осы уақыт аралығында Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана мекемесінің кіші қызметкерлерінің күн шұғыласы түскелі бері еш аянбай тер төгіп жүргенін көзбен көріп жүрміз.

15451C63-A4EF-43D8-8E76-024BE2B2E508

Иә, қара жұмыс иелерінің көбіне еленбей қалатыны рас. Ауланы көркейтіп қана қоймай, шарбақтан кіре сала адам жанына қуаныш пен демалыс сыйлайтын сан алуан гүлдер жанды жадыратып, көңілді масайтады. Себебі бұрын-соңды бір түптен алты, тіпті алпыс раушан гүлінің бой көтергенін естімеген де, көрмеген де едік.

Аталмыш кітап ордасының шаруашылық бөлім меңгерушісі Замира Керееваның айтуынша, сегіз кіші қызметкер таңғы 7:30-дан 8:30-ға дейін, 17:30-дан 18:30-ға дейін аула суару, шөптерді жұлу жұмыстарымен бір кісідей айналысады. Қазіргі таңда мекеме алдында гүлдің 25 түрі өсіп тұр.

15E85CB9-B1B2-4D66-8AB3-66CBFC55019D

Оның ішінде аудан бойынша таралымы аз «кан», «жазғы кохия» және көпжылдық әсемдік иелері бар. Сәуір айында басталған қызу науқанның ел көрсе сүйсінердей нәтиже көрсеткені қуанарлық жайт. Ал күз кіргелі гүл шоқтарын келесі науқанға дайындау мақсатында кептіріп, тұқымын алу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, аула тазалығы және абаттандыру жұмысы бойынша биылғы жылы өткізілетін дәстүрлі үрдіс – «Үздік аула – 2024» байқауына үміткер болып тіркелген.

929D67BF-39FE-4591-8E25-F3D94378C50C

Сонымен қатар, С.Ихсанова мен З.Кереева демеушілік етіп, бірнеше әсем гүлдің түбін мекемеге өз қаражаттарынан сыйға тартты. Қазақ мақалына сай, «еңбек бәрін жеңбек» демекші, ауданды жасыл-желекке айналдыруға, тазалық пен әсемдікті ұштастыруға үлес қосып жүрген алып еңбек иелеріне сәттілік тілейміз!

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале