25.09.2019, 11:09
Оқылды: 167

Мектеп асханалары партия бақылауында

 «Nur Otan» партиясының мектеп асханаларын модернизациялау және балаларды сапалы тамақтандыру бағытында қолға алған бастамалары аясында партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тілекбай Төлепқалиев Камен мектебі асханасының жай-күйімен, ас мәзірі, тамақтандыру сапасының жағдайымен танысты.

пар 2

Білім беру мекемелерінде оқушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу және дұрыс тамақтануы мен сапасын жақсарту үшін құрылған ведомствоаралық сарапшы топ мүшелері де бірге жүрді.

Жұмыс барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы мен тамақ сапасына ерекше көңіл бөліп, балалардың, әсіресе аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балаларының жүйелі түрде тамақтануларын назарда ұстауға ұсыныстар берілді.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясы Дариян БПҰ төрағасы М.Каюбов топ мүшелерімен бірге Дариян мектебінде болып, мектеп асханасының жағдайымен танысып, тамақтану сапасына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Ертай Бимұханов

суреттерді түсірген: Сәлім Мәмбетәлиев

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале