Сырым ауданы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев төрағалық етіп, Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменов қатысты.
Нартай Байменов «Балалық шақ —мемлекеттің қорғауымен» жобасы аясында ведомоствоаралық жұмыс тобын құру туралы өкімімен таныстырды. Аталған жоба аясында аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайлары мен қажеттіліктеріне тексеріс жүргізу, туындаған мәселелерді кешенді қарау және балаларға көмек көрсетуге арналған іс-шаралар жүргізілетінін айтты. Аудандық полиция бөлімі, білім беру бөлімі, прокуратура болып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.
Жоба бойынша істелетін жұмыстың арнайы жоспары бекітілді.
Аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Амангелді Мекин бөлімнің ұсынбасын ортаға салып, мектептердегі буллинг мәселесі қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары А. Шерғалиев балаларға жақсы психологиялық көмек беру, психологтардың сапасы мен біліктілігін арттыру қажеттігін айтты.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz