Құрметті жерлестер! Казталов ауданының жаны жомарт азаматтары! Баршаңызға мәлім, қазір бүкіл әлем өте күрделі ахуалды бастан өткеруде.
Дүние жүзін коронавирустың таралуы алаңдатып отыр. Бұл індет күннен-күнге ушығып барады. Өкінішке қарай, осы дерт біздің елімізде де тіркелді.
Мемлекетіміз бен халқымыздың басынан өтіп жатқан дағдарысты кезеңді жоюға атсалысу мақсатында бәріміз бірігуіміз қажет. Осы күнге дейін елімізде бизнеске үлкен қолдау жасалып келді. Ендігі кезекте біз де Отанымыз үшін қолымыздан келгенше көмегімізді аямайық. Осындай сын сағатта еліміз бен халқымыз үшін қаржылай қолдау білдіру - сіз бен біз секілді азаматтарға борыш. "Көп түкірсе - көл" демекші, біз біріксек алынбайтын қамал, бағынбайтын асу жоқ.
Нұрлыбай Жолдыбаев
"Дархан" шаруа қожалығының жетекшісі
Казталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер