9.02.2024, 14:30
Оқылды: 34

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің екі түрі бар

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексінің 3-бөлімі 120-бабына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек – тұрмыс жағдайы төмен, аз қамтылған, отбасына кірген табысты жан басына шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан  төмен отбасыларға төленеді.

Ақша JP

 2024 жылдың 1-тоқсанына кедейшілік шегі – 31 721 теңге. Атаулы әлеуметтік көмектің  мөлшері  отбасының әр мүшесі үшін жан басына шаққандағы табыс пен кедейшілік шегінің арасындағы айырманы құрайды және ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасыларға екі түрде көрсетіледі. Шартсыз және шартты ақшалай.

Жеке тоқталар болсақ, шартсыз ақшалай көмек - бұл отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептермен жұмыспен қамту шараларына қатыса алмайтын отбасыларға тағайындалатын көмек. Олар - зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, 3 жасқа дейінгі балалар мен мүгедек баланы күтумен айналысатын тұлғалар. Ал шартты ақшалай көмекті төлеу үшін міндетті шарт – әлеуметтік келісімшарт жасасу және отбасының еңбекке жарамды мүшелері  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу.

Әлеуметтік келісімшарт -  атаулы әлеуметтік көмек алушы мен мансап  орталығы арасындағы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы тараптардың құқықтары мен міндеттері. Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады.

Мансап  орталығы тарапынан жұмыспен қамту шаралары қарастырылып, отбасының еңбекке жарамды мүшелеріне жұмысқа орналасуға көмек беріледі. Осылайша отбасының кедейлік жағдайынан шығарылуына ықпал етеді.   Отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындамауы төлемді тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы және проактивті түрде бере алады.

Осы туралы ауылдық округтерде халық арасында және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Зульфия Мамбетиярова,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале