Казталов ауданының Бостандық ауылдық округінде жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грантқа үміткерлерден өтінім қабылданған болатын.

– Әлеуметтік топтағы азаматтарды қолдау үшін берілетін қайтарымсыз грант жаңадан бастау алған бизнес жобаға ғана беріледі. Осы тұрғыда мөлшері 1 476 800 теңгелік бизнес-бастау грантын Бостандық ауылының тұрғыны Нұрлыбек Асылбекұлы ұтып алған еді. Әрине, қайтарымсыз грант ауыл азаматтарын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарлама. Оған өтініш берген Нұрлыбек Асылбекұлы көпбалалы отбасы есебінде мемлекеттік грантты ұтып алды. Қайтарымсыз мемлекеттік грант кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін бір жолға қоюға және қолға алған бизнесін дамытуға үлкен мүмкіндік береді.
Мысалы, Бостандық ауылының тұрғыны Мержан Өтеғалиевке грант алу шарттарына сәйкес іске асырар кәсібін бір жолға қою үшін арнайы тапсырмалар міндеттелінеді. Осыған қарап, мемлекеттен бөлінетін қайтарымсыз гранттың жаңа жобасы кәсібін енді ғана бастаған ауыл кәсіпкерлеріне аса қажетті бағдарлама деп есептейміз. Себебі, аталмыш қаржымен бизнесін бастап, аяқтан тұрған ауыл кәсіпкерлері ауданымызда көптеп саналады.
Мәселен, Бостандық ауылының тұрғыны Нұрлыбек Неғметжанов көп балалы отбасы әрі жұмыссыздар санаты бойынша 2024 жылдың тамыз айында қайтарымсыз грантқа ие болып, өзінің оң жамбасына келетін дөңгелек жөндеу кәсібін қолға алып отыр. Ол көп балалы отбасы санатында. Мектеп кезінен бастап техника, механика саласына бейім болып, осы саланың қыры мен сырын жетік меңгерген. Қазіргі таңда осы салаға қатысты қажетті құрал жабдықтарды алып, халыққа өз қызметін көрсетіп келеді.
Болашақта Нұрлыбекке осы бизнесін кәсіби тұрғыда меңгеріп, ауыл тұрғындарына адал қызмет ете берсін деп шынайы тілек білдіреміз, - дейді Бостандық ауылдық округінің әкімі Есбол Ерболұлы.
Қыдыр Харесұлы
zhaikpress.kz