8.12.2021, 11:40
Оқылды: 54

Мемлекеттік қызметші өзгеге үлгі болуы керек

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы 153 нөмірлі Жарлығында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарының бірі – мемлекеттік қызметшілер құқықбұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға тосқауыл болып, сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық,оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеулері тиіс делінген.

IMG-20211208-WA0013

Сондай-ақ аталмыш Жарлықта әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілердің беделін түсіретін фото, бейне және мемлекет саясатына қайшы мәліметтерді орналастырмауы, әлеуметтік желіде мәдениетті, сауатты жұмыстана білуі қажет екені айтылған.

Жуырда Бәйтерек ауданы әкімдігінде аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметшілерімен арнайы семинар өткізіліп, жоғарыда аталған мәселелер кеңінен сөз болды. Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, кей мемлекеттік қызметшілер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. Арнайы қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

– Осындай шаралар мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе жас мамандардың іскерлік, кәсіби қабілеттерінің артуына оң ықпал етері сөзсіз. Мемлекеттік қызметші әр ісіне жауап бере алуы керек. Сонымен қатар олардың желідегі мәдениеті де жоғары деңгейде болуы керек, – деді жиын барысында Бәйтерек ауданы әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Тілекбай Төлепқалиев.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале