24.06.2022, 9:45
Оқылды: 53

Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Кеше Бәйтерек ауданы әкімдігінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған бірқатар мамандар ант қабылдады.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 00.18.52

Айтулы сәттен соң сөз кезегін алған аудан әкімі Марат Тоқжанов қоғам мүддесін іске асыру - әрбір мемлекеттік қызметшінің абыройлы міндеті екенін айтып, мемлекеттің өркендеп дамуы осынау жауапты тұлғалар арқылы орындалатынын тілге тиек етіп, жемісті еңбек тіледі. Одан әрі ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметшілер БҚО әкімі Ғали Есқалиев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есенаманұлы мен аудан әкімі Марат Тоқжановтардың алғыс хаттарымен марапатталды. Шара соңында Орал қаласындағы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның әншісі Еркін Өтегенов және аудан өнерпаздарының әншілері әуелете ән шырқап, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

WhatsApp Image 2022-06-24 at 00.20.49

                                               Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Жұмабай Сатаев

(Краснов ауылдық округінің әкімі):

-20 жыл әскери қызметте болып, зейнеткерлікке шыққасын мемлекеттік қызметке келдім. Краснов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып жүргеніме 5 жылдай уақыт болды. Айтулы күні барлық әріптестерімді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызметкер болу - халыққа адал қызмет ету деген сөз. Менің көп жылғы еңбегімді бағалап, марапаттап жатқандарына бек ризамын.

Айсұлу Азаматқызы

(аудандық жер қатынастары бөлімінің маманы):

-  Өзім Переметный ауылында туып-өстім. Өткен жылы Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің құқықтану факультетінде оқып, заңгер мамандығын алдым. Содан кейін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы университетінде магистратураны бітіріп, еңбек жолымды туған жерімде бастадым. Бүгінгі кәсіби мереке күні әрі толқып, әрі қуанып тұрмын. Өйткені алғаш рет барлық мемқызметкерлер алдында өзімнің шынайы маман екенімді сезіну үшін ант қабылдадым. Бұл сәт – мен үшін ешқашан ұмытылмайды. Алдағы уақытта тәжірибелі әріптестерімнен білмегенімді үйреніп, халықтың сенімінен шыға білемін деген ойдамын. Бұл қызметте әр ісіңе жауапкершілікпен қарап, тиянақты жұмыс атқаруға тиіссің.

 Айбар Хамза

(Зеленый ауылдық округінің маманы):

- Зеленый ауылдық әкімдігіне есепші болып қызметке орналасқаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Бүгін өзіммен бірге ант қабылдаған әріптестеріме жауапты қызметте абыройлы болуларын тілеймін. Өзім де барымша қарапайым, халыққа жақын боламын деп ант бердім. Сол антыма ешқашан да кір келтірмей, лайықты қызмет етуге тырысамын. Білмегенімді үйретіп, ақыл-кеңестерін беріп жүрген әріптестеріме ризашылығымды білдіріп, отбастарына амандық тілеймін.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале