23.06.2023, 17:15
Оқылды: 32

Мемлекеттік қызметшілер және Полиция күні тойланды

Аудандық мәдениет үйінде 23 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне арналған cалтанатты жиын, мерекелік концерт өтті.

ш (3)

Аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев мемлекеттік қызметшілер және полиция күнімен құттықтап, еліміздің дамуында маңызы зор қос саланың мамандарына алғысын білдірді.

ш (2)

Салтанатты жиында мемлекеттік қызметте және полиция қызметінде жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, лауазымдық міндетін мүлтіксіз орындаған, ел игілігі жолында атқарып келе жатқан жұмысы барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бірқатар мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлері облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұрат Байсаловтың және өзінің атынан, облыстық кәсіподақ ұйымының атынан алғысхаттарды табыс етті.

ш (1)

Сонымен қатар аудан басшысы мемлекеттік қызметті адал атқарып және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесіп қосып жүрген мемлекеттік қызметкерлерге «Үздік мемлекеттік қызметші» мен «Үздік спортшы» номинация иелеріне ленталарын салтанатты түрде тағып, алғыс хатпен марапаттады.

Салтанатты жиын әдемі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале