29.06.2020, 13:42
Оқылды: 69

Мемлекеттік қызметті мәртебелі міндет деп ұғады

Халық үшін мемлекеттік қызметші қашанда əділдіктің, қарапайымдылықтың имиджі болып келетіні бесенеден белгілі. Тиянақтылық, жауапкершілік, ұқыптылық. Осы үш қасиет кейіпкеріміздің бойынан табылады.

849FE4C2-F571-4C09-BD8C-B21AF53913E6

Өз жұмысына тиянақты жас мемлекеттік қызметкер Салтанат Елубаева Жаңақала ауылында дүниеге келген. 2014 жылы орта мектепті тәмамдаған соң, Орал қаласындағы экономика және ақпараттық технологиялар колледжіне оқуға түсіп «Қаржыгер» мамандығы бойынша білім алады. Табиғатынан еңбекқұмар бойжеткен оқуда жүріп-ақ коммуналдық мекемеде кассир болып жұмыс жасайды. Колледждегі оқуын аяқтағасын 2016 жылы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетіне сырттай бөлімге қаржыгер мамандығына білімін жетілдіру үшін оқуға түседі. Сол жылы Жаңақала аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жетекші маман-есепші болып жұмысқа орналасады. Бұл бөлімің жұмысын тез еңсеріп кеткен Салтанат Елубайқызы оқу орнында алған білімі мен жауапкершілігінің арқасында мемлекеттік қызметтің қызығы мен қиындығына әбден қанықты.

- Мемлекеттік қызметтің ел алдындағы аса абыройлы да жауапты қызмет екендігі баршаға мəлім. Əсіресе мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың білімді де білікті болуы осы саланың артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз. Мемлекеттік қызмет жолын таңдаған азамат əрбір ісіне аса зор жауапкершілікпен қарағаны жөн. Сəл нəрседен мүлт кетсе, ол оның абыройы мен атқарған жұмысына сын. Мемлекеттік қызмет жай ғана шырт киініп, əдемі кеңседе тұрақты жалақы алып отыру емес, бұл күнделікті, қажырлы, тиянақты еңбекті талап етеді. Мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті – халыққа адал қызмет ету, керек болған жағдайда өз мүддесінен ел мүддесін жоғары қою. Сонда ғана біз халыққа адал қызмет етіп, ел сенімінен шыға аламыз,- дейді Салтанат Елубайқызы.

Мемлекеттік қызметке адал әрі жауапкершілігі мол кейіпкеріміз ұжымның спорттық және қоғамдық шараларында да белсенділік танытып келеді. Жақында ғана тоғызқұмалақ ойынынан мемлекеттік қызметшілер арасында өткен онлайн турнирде I орынға ие болды.

Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - мәртебелі міндет.

Ақсәуле Хамзина

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале