18.08.2022, 20:18
Оқылды: 35

Мемлекеттік нысандарды аралады

Бүгін Жаңақала ауданына іссапармен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша  департамент басшысы, әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Мұрат Байсалов, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының директоры Шынар Габдрахманова, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша  департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Бауыржан Ибрашев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының аға оқытушысы, магистр Ырысханым Бахтиярова келді.

IMG_9008

Делегация аудандық «Жұмыспен қамту» орталығы мен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жұмыс барысымен танысты. Одан әрі Мұрат Сейілбекұлы аудан әкімдігінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Одан әрі аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен жиын өтті. Актив отырысқа Мұрат Байсалов, Шынар Габдрахманова  және Бауыржан Сағидоллаұлы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы және мүшелері, дербес бөлім басшылары, аудан әкімі аппараты, ауылдық округ әкімдері және орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

IMG_8961

Аталмыш жиында М.Байсалов «Мемлекеттік қызметке орналасу және өткеру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері» тақырыбындағы семинар-кеңес өткізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мұрат Сейілбекұлы, Шынар Төлегенқызы, Бауыржан Сағидоллаұлы өз баяндамаларын оқыды.

Р. Амантайқызы

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале