16.06.2023, 17:56
Оқылды: 15

Мемлекеттік тілдің мерейін асырған абзал жан

Орал қаласында өткен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің кепілі» атты республикалық семинар өткен болатын.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 16.11.45

Семинар барысында №2 Казталов ауданының ауруханасы директоры Надежда Васильева мемлекеттік тілді  дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрінің Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалымен наградталған Надежда Васильева қызмет барысында жақсы көрсеткіштерге жеткен жауапты әрі ұқыпты басшы. Үш тілді еркін меңгерген ол, мемлекеттік тілдің мерейін асқақтатуда көптеген игі іске мұрындық болып келеді.

2020 жылы өткен «Латын әліпбиі –өркениет жолы» атты аудандық мекемелер арасындағы байқаудың белсенді қатысушысы. 2023 жылы өз мекемесінің  ғимараты бойынша көрнекі ақпараттарды ретке келтіруде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне қолдау көрсеткені тағы бар.

«Ақ халатты абзал жан» деген асқақ атты арқалап жүрген Надежда Васильева аудан халқының алдындағы абыройлы еңбегімен көпке үлгі.

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале