1.12.2024, 16:00
Оқылды: 84

Мердігер уәде берді, күтейік…

Жәнібек ауданына іссапармен келген Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы, «AMANAT» партиясы облыстық филиалдың төрағасы Мұрат Мұқаев аудандағы өзекті мәселелермен танысып, жұмыстар барысын көрді.

image-01-12-24-01-45

Соның ішінде «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасының» 158-165 шақырымдағы жол жөндеу жұмыстарымен танысты. Жол құрылысының мердігері – «Бекет Сат Жол» ЖШС. Қазіргі таңда Астана қаласынан «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Марат Мұханбетов арнайы келіп, құрылыс басында болып, үйлестіру жұмыстарын жүргізуде. Мердігердің берген уәдесіне сенсек, 15 желтоқсанға дейін жолдың төменгі қабатын аяқтайтын болады. Мұрат Рахметұлы мердігерге аталған объект үнемі бақылауда тұрғандығын айтып, жұмыстарды тиісінше аяқтау қажеттігі жөнінде тапсырды. Мердігерге қатаң ескерті берді. Сонымен қатар А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектеп ғимаратында болып, оның жай-күйімен танысты. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, келер жылы мектептің орнына жаңа мектеп салу жоспарланған.

Сондай-ақ мәслихат төрағасы аудандық мәдениет үйінде болып, оған күрделі жөндеу қажет екендігіне көз жеткізді. Алда өтетін мәслихат сессияларында осы бағытта жұмыстанатындығын, мәслихат тарапынан тиісінше қолдау болатынын айтты.

image-01-12-24-01-45-1

Айта кету керек, мәдениет үйін жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасақталған. Аталған құжат арқылы облыстық бюджеттен қаржыландыру болған жағдайда күрделі жөндеуді қажет етіп тұрған ғимараттың бірі. Ғимарат 1993 жылы бой көтерген. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2009 жылы жасалған. Содан бері еш жөндеу көрмеген нысан.

Ауданымыздың мәдениет сарайы жөнделіп, тұрғындардың мәдени демалысына, түрлі салтанатты шараларды өткізуге, сәні мен салтанаты келіскен ғимарат болатынына бек сенімдіміз.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале