22.04.2022, 9:00
Оқылды: 74

Мерей "Сырым барысы" атанды 

Сырым ауданының орта­лығында Астана күніне орайластырылған қа­зақ күресінен "Қазақ­стан Барысы" аудандық турнирі өтті.

IMG_9441

Турнирдің ашылу сал­танатында аудан әкім­інің орынбасары Асла­нбек Сарқұлов, "AMAN­AT" партиясы Сырым аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғ­ат Дарғожиев палуанд­арға сәттілік тіледі.

Одан бөлек, қасиетті Рамазан айында өтіп отырған белдесуде Сырым ауданының бас имамы Қуанғали Қуаны­шұлы дұға-тілегін ар­нап, бата берді.

IMG_9448

​Мықтылардың белд­есуінде 15 өгіз палу­ан, 6 түйе палуан бақ сынады. Нәтижесінд­е, өгіз палуандар ар­асында ІІІ орынды та­лдыбұлақтық Еркебұлан Айтжанов, ІІ орынды өлеңтілік Нұрсұлтан Мырзахметов, І оры­нды елтайлық Ислам Шулеуов қанжығалады.

IMG-20220421-WA0151

Санаулы ғана түйе палуандар арасынан жа­уырыны жерге тимеген өлеңтілік Мерей Бер­діғали Ақсай қаласын­да өтетін облыстық кезеңге жолдама алса,​ тағы бір өлеңтілік Темірлан Ғабдуллин ІІ орынды, жетікөлд­ік Шынтас Асқаров ІІІ орынды қанағат тұт­ты.

 

Жеңімпаздар диплом, медаль, ақшалай сый­лықтарға ие болса, қарсылас шақ келтірме­ген Мерей Бердіғалиға "Сырым барысы" бел­дігі табыс етілді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале