Тасқала ауданы Мерей ауылдық округіндегі фельдшерлік амбулаториялық пунктіне жедел жәрдем көлігі берілді. Шараға аудан әкімі Алдияр Халелов, аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлсайран Кенжешова және ауыл тұрғындары қатысты.
-Бұған дейінгі кездесулерде ауылдарыңыздағы фельдшерлік амбулаториялық пунктіне автокөлік қажет екендігін айтқан едіңіздер. Бүгін сол мәселенің шешімі табылды. Былтыр екі автокөлік алып ауылдарға жөнелтіп едік. Енді, міне сіздерге де кезек келді,- деп тілегін жеткізген аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы, алдағы жылы Мерей ауылдық округіне дейінгі жолдың салынатыны жөнінде хабарлады.
Ауыл ақсақалы Жұман Ахметұлы мен аудандық аурухананың басшысы Гүлсайран Кенжешова сөз сөйлеп, жүрек жарды тілегін жеткізді.
Бас дәрігердің сөзінше, келер жылы Мерей ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пунктіне күрделі жөндеу жүргізілмек.
Темірболат Әнуарұлы,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер