Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев өмірлік іс-тәжірибелерін ауданның әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне жұмсаған, қай салада жұмыс жасаса да ел сенімін ақтап, мерейтой биігіне абыроймен жетіп отырған Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Светлана Бәйтенова мен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ирина Шамитьконы қабылдады.
- Ең алдымен мықты денсаулық тілеймін. Білім мен тәжірибеңізді жас мамандарға да үйретіп, ауданымыздың ертеңіне әлі де үлес қосатындарыңызға сенеміз, - деген ақ жарма тілегін жеткізген аудан басшысы оларға облыс әкімінің атынан алғыс хат пен гүл шоқтарын табыс етті.
Өз кезектерінде туған күн иелері көрсетілген шынайы құрмет үшін алғыстарын айта келе жұмыс жасаған жылдарында жауапкершілік мен тиянақтылықты әрдайым бірінші кезекте алға қойып, адал еңбек ету басты мақсат болғандығын жеткізді.
Гүлназ Мұқан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz