8.02.2024, 14:30
Оқылды: 56

Мерейтойлық концерт өтті

Казталов ауданы Қараөзен ауылдық округіне қарасты Жас ауылында әнші, термеші, сазгер, ұстаз, ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Халық ағарту ісі», «Ерен еңбегі», «Айтыстың 60 жылдығы», «І дәрежелі Еңбек даңқы», «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» және «Бақытты елдің ұрпағы» төсбелгісінің иегері, «Казталов ауданының құрметті азаматы» Баян Қабиеваның 70 жасқа толу мерейтойынна арналған «Елінің ерке қызы — Ақбаян» атты шығармашылық кеші өзінің туған ауылынан басталды.

IMG-20240208-WA0000

Жерлестері  Баян апамызды ауылдың шетінен қарсылап алды. Кешті өзінің әсем әнімен бастаған кейіпкеріміз, жанұялық ансамбілімен мерекелік шараның көркін әрмен қарай қыздырды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары Баян Құбайқызына сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Сонымен қатар Баян апамыздың Орал қаласынан келген шәкірттері Әдемі Хайроллақызы, Назгүл Ермекқалиқызы және Азат Маратұлы өздерінің өнерлерімен көрерменді шаттықа бөледі.

IMG-20240208-WA0010

Шара соңында мерейтой иесіне Сағит Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының директоры А.Неғметов, Қараөзен ауылдық округінің әкімі Н.Булаев, ауылдағы шаруа қожалықтарының шетекшілері мен ақ жаулықты аналары, мектеп түлектері, мектеп ұжымы құттықтауларын жеткізіп, сыйлықтар табыстады.

Баян апамыз шараны ұйымдастырушылар ғаризашылығын білдірді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале