13.12.2022, 12:15
Оқылды: 47

Мерейтойымен құттықтады

Бөкей ордасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков және ауылдық округ әкімдігінің маманы Бекбол Жұмабекұлы еңбек ардагері Айжан Хасенованы мерейлі 80 жасымен құттықтап, аудан әкімі мен ардагерлер кеңесі төрағасының құттықтау хатын және сый-сияпатын табыс етті.

IMG-20221213-WA0018

– Сіздің есіміңіз жерлестерге жақсы таныс. Сіз өзіңіздің еңбекқорлығыңыздың арқасында көп жыл нәтижелі еңбек жасап, ауданымыздың дамуына өзіндік қолтаңбаңызды қалдырған тұлғасыз. Мерейтойыңызмен құттықтап, сізге денсаулық, қажымас қайрат тілейміз. Өсіріп отырған ұрпақтарыңыздың қызығына кенеліп, немере- жиендеріңіздің арасында жайқалған мәуелі бәйтеректей ұзақ та, бақытты ғұмыр кешуіңізге тілектеспіз, - деген сөздерімен Тілеген Арыстанбеков игі ниетімен бөлісті.

Айжан апамыз мектеп тәмамдасымен бірден еңбек жолын бастаған. Жас кезінде сауынша да тракторшы да болған Айжан Хасенова сырттай оқып бухгалтер қызметін де атқарған екен. Дегенмен, Айжан апамыздың техникаға жақын екенін көрген аудан басшылары жерлесімізді машина- трактор шеберханасының қойма меңгерушісі етіп тағайындаған. Аталмыш мекемеде Айжан Хасенова көп жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан.

Темхар Рахметолла,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале