5.06.2025, 18:00
Оқылды: 143

Мерейхан мен Әзизхан – ел ертеңі

Жуырда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында Жаңаөзен боксының негізін қалаушылардың бірі, спорт ардагері Ақылбек Оразұлы Теміровты еске алуға арналған бокстан 2011-2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында I республикалық ашық турнир өткен болатын.

image-05-06-25-04-10

Турнирге Ресей, Әзірбайжан, Қырғыстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан елдерінен келген 263 жас спортшы бақтарын сынады. Аталмыш додаға Жәнібек ауданының жас спортшылары қатысып, өте жақсы нәтиже көрсетті. Дәлірек айтсақ, 40 келі салмақта Әзизхан Қадыр ІІ орын алып, мойнына күміс медалін тақса, 30 келі салмақ дәрежесінде Мерейхан Қамит қола жүлдені місе тұтты.  Жас спортшыларды Нұрбек Орынбаев жаттықтырып келеді.

 

Гүлзара Мәди

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале