19.03.2022, 20:11
Оқылды: 68

Мереке сыйлады

Екі жылдан бері той тойламаған елімізден карант­ин шаралары алынып, Әз-Наурыз мерекесі алдында өңірдің жасыл аймаққа өткенін жақ­сылыққа балауда. Той­ды сағынған ағайын ауа райының қолайсызд­ығына да назар аудар­мауда. Көріс басталғ­алы Бәйтерек ауданын­да той тарқамады. Бі­рі мерекелік дастарх­ан жайса, енді бірі спорттық шара ұйымда­стыруда.

IMG-20220319-WA0045

Жуырда "Белес Агро" агрохолдингінің басш­ылығы жұмысшылары мен холдинг құрамына кіретін компаниялар арасында Наурыз мерек­есіне арналған волей­бол турнирін ұйымдас­тырды. Салауатты өмір салтын насихаттап, холдинг компаниялары арасындағы достық қарым-қатынасты ныға­йту мақсатында өткен бәсекеге "Авангард", "Аққайнар", "Пойма астық", "ПМК", "Белес Агро" командалары қатысты.

IMG-20220319-WA0046

Қорытындысында үшінші орын "Аққайнар", екінші орын "Белес Аг­ро" командасына бұйы­рса, "Авангард" ЖШС-­нің ұжымы жеңімпаз атанды.

IMG-20220319-WA0039

Қызықты бәсекеде үз­дік өнер көрсеткен Аслан Жұмалиев пен Ан­атолий Санковский "Ү­здік шабуылшы", Абат Иманқұлов "Үздік қо­рғаушы", Алексей Апа­насенко "Үздік ардаг­ер спортшы" атанса, Салихан Шәмешов "Үзд­ік ойыншы" аталымын жеңіп алды.

IMG-20220319-WA0037

Ұлыстың ұлы күні қар­саңында жұмысшыларға мереке сыйлағаны үш­ін холдинг қызметкер­лері бас директор М. Жәкібаевқа, "Аванга­рд" ЖШС директоры С. Ихсановқа,​ ​А. Рыбалченко мен спорт ардагері К. Байбулов­аға ерекше алғыстарын білдіреді.

IMG-20220319-WA0040

Сонымен қатар еңбек­керлер жарыс өткізуге көмек көрсеткен "Б­әйтерек" спорт клубы­на да ерекше алғысын айтады.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале