4.05.2022, 12:15
Оқылды: 48

Мерекеге орай

Жақында Ақжайық ауданы орталығындағы «Жастар» стадионында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің және «Жігер» спорт клубының бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан халықының бірлігі күні және Ораза айт мерекесіне орай  көпшілік спорттық шаралар өтті.

88

Қол күресі, гір тасын көтеру, қазақ күресі, арқан тарту сайыстары аталған мерекенің мәнісін одан сайын еселей түсті, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

89

Сондай-ақ Айт мерекесіне орай аудандық мешіт жамағаты қызықты тамашалауға келген кішкентай бүлдіршіндерге, яғни 250 балаға тәттілер таратса, сонымен қатар ауданымызға арнайы шақыртумен келіп, Рамазан айында күн сайын тарауық намазын мешітте Құран хатыммен оқыған Қырғызстан азаматы Субанхұл Хафизге құрмет көрсетілді. Оның иығына шапан жауып, жылқы сыйлады.

Азамат Қанапия,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале