Конституция күні мерекесіне орай 27 тамыз күні Казталов ауданында С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шарада аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар қызметкерге аудан әкімінің алғыс хаты мен мерекелік төсбелгілер табыс етті.
Шара барысында Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Руслан Қаженов, Казталов ауданының №2 аудандық соты кеңсесінің бас маманы Айдана Нұрымова, аудан прокуратурасының жетекші маманы Харинаш Рахметқалиева, полиция ардагерлері Қадырболат Жұбашев, Болат Сүндетов, Казталов ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің полиция инспекторы, полиция капитаны Ернар Хамитов, Жалпақтал полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің полиция инспекторы, полиция капитаны Еркінбек Жұматов аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, Жанбыршы Мүтиев және Жексенбай Шахаевқа «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл» мерекелік медалі табысталды.
Еске сала кетейік, 1991 жылдың 29 тамызында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Семей палигоны жабылған болатын. Биыл Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 30 жыл толып отыр.
Кешті ауданымызға белгілі өнер майталмандары әсем әндерімен әрледі. Мерекелік шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz