11.12.2021, 16:30
Оқылды: 146

Мерекелік төсбелгілер табысталды

11 желтоқсан күні облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Жалпақтал ауылындағы көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Аймақ басшысы мерейтой қарсаңындағы іссапары барысында ауданымыздағы инфрақұрылымдық нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар, ауданымыздың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгі табыстады.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (9)

Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жалпақтал ауылында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Nurly jer» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған, жалпы аумағы 730,0 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстарын «Design shool» ЖШС жүргізді. Атыраулық мердігердің жұмысында еліміздегі эпидемиологиялық ахуал мен құрылыс заттарының қымбаттауына байланысты қиыншылықтар туындағанымен, құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілді. Тұрғын үйдің салтанатты ашылу шарасында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы жалпақталдықтарды Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтап, пәтер иелеріне шаңырақтарының кілтін табыстады. Мемлекеттік бағдарламамен салынған тұрғын үйден пәтерге ие болғандардың бірі көпбалалы ана Әлия Хайрова өзінің ризашылығын білдірді.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (7)

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (2)

- Мемлекет тарапынан халыққа қолдау артып келеді. Соның ішінде, көпбалаалы аналарға деген мүмкіндіктер өте көп. Бүгін көпбалалы аналарға, үйі апатты деп танылған отбасыларға, әр түрлі салада қызмет етіп жүрген жандарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға пәтер кілттері табысталды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (4)

Көпбалалы ана ретінде мен де мемлекет қолдауына ие болған жандар қатарынан табылып, пәтерге ие болып жатырмын. Пәтер жанға жайлы, кең. Құрылыс жұмыстары да сапалы жүргізілген. Мен өзімнің атымнан және тұрғындар атынан облысымыздың, ауданымыздың басшылығына шексіз ризашылығымды білдіремін, - деді көпбалалы ана.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (6)

Аймақ басшысы пәтерлерді аралап, құрылыс сапасымен танысты. Тұрғын үйдің әр пәтері көгілдір отынмен, ауыз сумен, бірқатар тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, тұрғын үй аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңы да бой көтеріп, бүлдршіндердің де қуанышы еселеніп отыр. Абаттандыру жұмыстарын «Жайық Сити» ЖШС жүргізген болатын.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (5)

Өңір басшысы аудан орталығына да табан тіреп, супермаркет құрылысы және «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында, Казталов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тапсырысымен жүзеге асып жатырған орталық кітапхананың күрделі жөндеу жұмыстарымен де танысты. Күрделі жөндеу жұмыстарын «Компания Строй Индустрия» ЖШС жүргізіп жатыр. Заманауи үлгіде күрделі жөндеу көрген ғимаратта Relix демалыс аймағы, салт дәстүр мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған аймақ, конференц зал, Internet аймағы, балалар бөліміне арналған аймақ (Covorking kids), Creative word кабинеті ашылады деп жоспарланып отыр.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.23.02

Облыс әкімі «Достық» саябағында терек отырғызу акциясына қатысып, саябақты абаттандыру жұмысымен танысты. Саябақты абаттандыру жобасының мердігері «БатысКотлоМонтаж» ЖШС. Абаттандыру жұмыстары нәтижесінде 16 метрлік ту тұғыры, 51 орындық және қоқыс жәшіктері, 290 дана түнгі шамдар орнатылып, 5360 шаршы метрге төсем тастар төселіп, 2 күрке, балалар ойын алаңы, «Street workout» алаңы жасақталды.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15

Ауданымызға іссапары барысында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды мерекелік төсбелгімен марапаттады. Ол өз сөзінде:

- Тарих толқынында талайды бастан кешірген Қазақ елі 30 жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған тұста дұрыс бағыт таңдағанын бүгінгі таңда уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Тәуелсіздігіміздің алғашқы таңынан бастап қазіргі кезеңіне дейінгі оңды өзгерістер мен жетістіктер Елбасымыздың тікелей бастамасымен болып, бүгінде сол сара жолды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жалғастыруда. 90-шы жылдары қиындыққа тап болған халықтың басынан кешкен қиындықтары әлі тарих қойнауына ене қоймады.Сол жылдардағы жұмыссыздықты, азық-түлік дефицитін, тіпті өз валютамыздың болмағандығын осы залда жиналған жерлестер ұмыта қойған жоқ. 30 жыл ішінде біз картада жоқ мемлекеттен әлемдегі бәсекеге аса қабілетті 50 елдің құрамына енген мемлекеттің жолын жүріп өттік. Иә, атқаратын істер жетерлік. Алайда, елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың басты мақсаты – азаматтарымыздың әл-ауқатын түбегейлі дақсарту екенін әсте естен шығармау керек, - деп, ауданымызда атқарылған жұмыстар мен келер жылдың еншісіндегі жоспарларға тоқталып өтті.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (17)

Салтанатты шарада зейнеткерлер Тұрақбай Дүйсенов, Айсұлу Иманғалиева, Ұзақбай Мақатов, Талап Мұқанов, Уалиолла Абешов, Райса Алғазиева, Болат Мұсағалиев, Мұқанғали Бектілеуов, Самиғолла Сарбаев, Нағым Ризуанов, Исмағұл Мусин, «Дорремсервис» ЖШС басшысы Мұрат Ахметжанов, «Дауылбай» ШҚ жетекшісі Бақтығали Дүйсенғалиев, Қошанкөл ауылының кітапханашысы Лиза Ақболатова, «Әжікей» ШҚ жетекшісі Мырзагелді Таспихов, Казталов ауданының әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, Бостандық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Максим Қожағалиев, «БейНазар-Б» ШҚ механизаторы Абай Қажиахметов, Қараөзен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Азамат Абуғалиев ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгімен марапатталды. Мерекелік шарада ауданымыздың өнерпаздары сахна төрінен табылып, жұртшылыққа өнерлерін паш етті.

WhatsApp Image 2021-12-11 at 16.03.15 (19)

Асылбек Нәсіпқали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале