28.07.2023, 10:30
Оқылды: 13

Мергендер жарысты

Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының және «Айқын» спорт клубының ұйымдастыруымен «Садақ ату» спорт түрінен ұлдар және қыздар арасында іріктеу турнирі өтті.

казталов (1)

Жарыста 11-12 тамыз күндері облыстық «Жайық жастары» фестиваліне қатысатын спортшыларды анықталды.

Турнирге жастар белсенді қатысып, 20-дан астам спортшы бақ сынады.

казталов (2)

Ұлдар арасында 15 метр қашықтықтан, қыздар 10 метр қашықтықтан нысананы дәлдеді.

Жарыс қорытындысы бойынша ұлдардан Есен Жаннатов және қыздар арасынан Гаухар Маратова үздік деп танылып, бас жүлдені иеленді.

казталов (3)

Жүлдегерлер арнайы дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале