11.08.2021, 15:14
Оқылды: 56

Мешіт жамағаты арасында сайыс өтті

Жуырда «Аманат-Жайық» қоғамдық қоры және «Бірлік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында зияткерлік сайысы өтті.

Мешіт жамағаты арасында сайыс өтті (2)

Сайысқа Тасқала, Бөрлі, Теректі ауданы мешіттерінің жамағаттары қатысып, өз білімдерін сынады. Сайыс алты бөлімнен тұрды.

Жарыс нәтижесінде Тасқала аудандық мешітінің жамағаты топ жарып, І орынды иеленсе, Теректі аудандық мешітінің жамағаты ІІ орынға табан тіреді. ІІІ орын Бөрлі аудандық мешітінің жамағатына бұйырды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Құлтөре Нажмитдинов,

Тасқала аудандық мешіттің бас имамы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале