Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде жатақханалар мен тұрғынжайлардағы өрт қауіпсіздігі заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру мақсатында «Жатақхана» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шара өтті.
Оған Бәйтерек ауданының мәслихат депутаты Қуаныш Мырзағалиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті атқарушы орган өкілдері, полиция, "КазТрансГаз Аймақ" қызметкерлері мен еріктілер қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі және газ жабдығын пайдалану ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды.
Нұрсәуле Әбілпейісова,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz