Мичурин ауылдық мәдениет үйінде Бәйтерек ауданының 85 жылдық мерейтойы және Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық балалар фестивалі ұйымдастырылды.
Қарапайым ауыл балаларының жұлдызы жанып, қабілеті мен дарыны тоғысатын фестиваль жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың шарты бойынша фестивальге 8-13 жас аралығындағы өнерпаздардан құралған дуэт, трио, квартет, квинтеттер қатысуы тиіс. Олар жанды дауыста екі әннен орындайды, алғашқысы патриоттық ән болса, кейінгісі өздері таңдаған еркін тақырыптағы ән.
Аталмыш фестивальде Мичурин ауылынан «Бұлбұл» квинтеті, Достық ауылынан «Әгугай» триосы, Рубежин ауылынан «Жалын» триосы, Мичурин ауылынан «Жас дарын» дуэті, Асанауылынан «Қыздар-ай» триосы, Махамбет ауылынан «Голосок» дуэті, Қайнарауылынан «Арман-ай» дуэті, Раздольный ауылынан «Домисолька» дуэті, Чувашинауылынан «Адай» триосы, Январцевауылынан «Әсем әуен» дуэті және Переметный ауылынан келген «Әсем-ай» дуэті өз өнерлерін паш етті.
Сайысқа аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Намазова, Щапов ауылдық мәдениет үйінің басшысы Мұратжан Жолбаев және Белес ауылдық мәдениет үйінің басшысы Ақтоты Имағамбетова қазылық етті.
Ашылу салтанатында сөз алған Мичурин әкімі аппаратының бас маманы Аружан Төреғалиева сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сондай-ақ ұрпақ тәрбиесі ұлттың болашағы екенін айтып, бүгінгі өткізілген фестиваль ауданөнерпаздар өнерлерінің өрге жүзуін тіледі.
-Қайырлы күн, құрметті өнер сүйер қауым. Балалар шығармашылығын тыңдауғаасыға келгендеріңіз үшін дән ризамын. «Ел іші – өнер кеніші» демекші осындай байқау-фестивальдердің өтуінің арқасында біз көптеген жас таланттар табамыз, дейді аудандық Мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл Рамазанқызы.
Қазылар алқасының көзіне ерекше түсіп, дауыс тазалығымен үздік дептанылған үш ұжым ерекше өнер көрсеткені үшін аталымымен марапатталды.
Олар – Чувашин ауылынан келген «Адай» триосы, Байқоныс ауылынан «Еркетай» квинтеті, Мичурин ауылыннан «Бұлбұл» триосы ұжымдары.
Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы