15.02.2022, 11:30
Оқылды: 52

Мичуриндік ойыншылар жеңімпаз

Бәйтерек ауданы орталығындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде волейболдан аудандық турнир өтті.

IMG-20220212-WA0032

«Бәйтерек» спорт клубы ұйымдастырған әуе доп додасына ауданның үздік деген командалары қатысты.

Жарыс ережесіне сай бірнеше топқа бөлініп, плэй офф жолдамасын сарапқа салған волейболшылар арасынан Мичурин, Янайкин және Переметный ойыншылары үздік боп шығып, жүлде таласын жалғастырды.

IMG-20220212-WA0020

Көрерменге қызықты ойын өрнегін ұсынған  жарыс қорытындысында Переметный ойыншылары үшінші, янайкиндік волейболшылар екінші орын иеленсе, Мичурин командасы өзінің мықты екенін дәлелдеп, бас жүлдені қанжығасына басты.

IMG-20220212-WA0025

Жарыс соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар ұсынылып, үздік ойыншылар марапатталды.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале