11.04.2017, 11:32
Оқылды: 25

Мол өнім алуға негіз бар

 

Шыңғырлау аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас маманы Өміржан Отарбаев осылай дейді.

Өткен күзде алдын ала қам жасаған шаруа жандар күзгі жаңбырдың қарсаңында жер жыртып, аудан бойынша 800 гектар жерге күздік бидай, 846 гектарға  күздік қара бидай дәнін сеуіп, барлығы 1646 гектар жерге егін  еккен.

- Күздік дәнді жерге салысымен жылы жаңбыр мол  жауып, дән тез көктеді. Жаңбыр толастай бере, жерге жұмсақ қар түсіп, суыққа шалынбай, тамырланған дән қалың қардың астында жатты. Көрпеге оранғандай егістік  алқапта қыстай жатқан өскін қайта көктеп, енді міне, сабақтарын көтеріп, күн көзіне  талпынуда. Егін басына барып монолит алып, тексергенде байқағанымыз - күздіктің 61,7 пайызы өсіп шығатынына сенім мол,- дейді аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің өсімдік шаруашылығы жөніндегі бас маманы Өміржан Отарбаев.

Айта кетейік, ауданда «Жақып», «Жарас» шаруа қожалықтары бір және көпжылдық шөп өсірумен жылдар бойы айналысып келеді.

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале