15.02.2022, 17:40
Оқылды: 35

Мұғалімдерге жатақхана берілетін болады

Аудан, ауылдық округ әкімдерінің халыққа есеп беру жиналасы Жосалы ауылында сабақтасты. Сырым ауданы бойынша атқарылған толайым табыстар бейнеролик арқылы көрсетілді.

IMG-20220215-WA0051

Жосалы ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алда тұрған міндеттер туралы Батырғали Иманқұлов баяндады. Округте 2 ЖШС, 2 ауылшаруашылық кооперативі, 17 шаруа қожалығы тіркелген. Мал басында өсім бар. «Балауса» ШҚ 35 бас асылтұқымды герефорд аналығын сатып әкелсе, «Берекет» ШҚ, «Даму-Қоңыр» АШӨК, «Жанқожа-С» ШҚ ауыл шаруашылық техникаларын сатып алды. Ауылшаруашылық құрылымдары мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, 19 бас бұқа, 40 бас қошқар сатып алып,  32797,2 млн теңге демеуқаржы алды. Округте 2 азамат 583 мың теңге қайтарымсыз грантқа ие болып, жеміс ағашын өсіру, дөңгелек тас соғу кәсібін қолға алды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 азаматша 6,200 млн теңге несие алып, 8 бас жылқы, 6 бас ірі қара сатып алды.

IMG-20220215-WA0052

Ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстардың қатарында Батырғали Иманқұлов А.Жұмағалиев атындағы  ЖББ мектебіне күрделі жөндеу жүргізу, балаларды тасымалдауда автобус көлігімен қамтамасыз ету, Қоңыр ауылына дейін жолға бор тас төсеу,  электр жарығын жақсарту, орталық саябақты абаттандыру мәселелерін атады.

Ауыл тұрғындары ұсыныс-сауалдарын айтып, жауап алды. Ауылшаруашылық  өндірістік кооперативінің жұмысына көңілі толмаған ауыл тұрғыны Жамал Дүйсенова  асылтұқымды бұқалар алынғандықтан,  ауылдың бұқалардың кестірілуі салдарынан малымыздан төл ала алмадық деген назын айтты. Оған аудан әкімі ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне 350 кг-нан төмен бұқа алынбайды, кооперативке бұқалар дұрыс таңдалып алынбағанын, ал ауылдың жай бұқалары кестірілетін болса, тұрғындардың сиырлары қысыр қалатынын, осы жерде ауылшаруашылық саласы тарапынан бақылау, қадағалау қажет екенін айтты.  Ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Руслан Усағалиевтың айтуынша, былтыр алынған 27 бұқадан биылғы жылы төл алу қарқыны жақсы болуға тиіс.

Аудандық аурухана директоры Роза Тахамбетова жосалылықтардың бір мәселесі – жедел жәрдем көлігі, сынып тұрған көліктің қажетті бөлшектері келіп тұрғанын, жуырда жедел жәрдем жүретінін жеткізді. Ауыл тұрғыны Армат Шаухаров электр желілерімен бағандары ескіріп тұрғанын айтты.

«Қадыржан Қанат»  ЖШС  директоры Қанат Қатжанов кооперативке қатысты мәселелерді көтерді.

Жосалылықтардың көкейіндегі мәселенің бірі – жол. Тұрғындар ауылға кіре берістегі   жолға қар тоқтату немесе ағаш егу керектігін, қар аршитын көліктің ауылдан болуын сұрады.  Жолды күтіп ұстауға тендерді бір жылға емес, үш жылға ойнататын боламыз деді аудан басшысы.

Бөгетке су келмей, қардың суы далаға ағып кетуі де Жосалылық ағайындарды алаңдатуда. «Бөгетке келетін суды кәсіпкерлікті дамытуға, бау-бақша егуге пайдалатын болсаңыздар, бөгеуге қаржы бөлінеді»,-  деді аудан әкімі.

IMG-20220215-WA0050

Ауылдағы газ, су кіріп тұрған ескі балабақша ғимаратын жөндеуден өткізіп, жас мұғалімдерге жатақхана қып беру мәселесі көтеріліп, шешімін табатын болды.

Халықтың көптен бері көтеріп жүрген мәселесінің бірі – А.Жұмағалиев атындағы орта мектебін күрделі жөндеу. Күрделі жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжаты жасалды. 2023 жылы  күрделі жөндеу жүргізіледі.

Шынар Молданиязова, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале