Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет үйінде Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының ұжымы Н.Сауданбекұлының авторлығымен жазылып, режиссёр Н.Жұманиязовтың "Мұқағали - Нұрғиса" драмасын халыққа ұсынды.
Керемет сомдалған образдардың әсерімен залда толқымаған, көзіне жас алмаған көрермен қалмады. Поэзияның мұзбалағы Мұқағали мен музыка падишасы Нұрғиса шығармашылығының үндесуінен туған қойылым халыққа үлкен әсер сыйлады.
"Беу, дүние, өтесің-ау бір күні..." қос алыптың жүрегін жара шыққан осы бір ауыз сөз тұтас қойылымның эпиграфы деуге болады. Өнер – мәңгі өлмейтін асыл қазына.
Рая Жумагалиева,
Жаңақала ауданы