18.02.2021, 19:04
Оқылды: 111

«Мұқағали – сырлы әлем»

Ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Жаңақала аудандық балалар кітапханасында «Мұқағали – сырлы әлем» тақырыбында онлайн мәнерлеп оқу марафоны өтті.

Мұқағали сырлы әлем (2)

Марафонға ауданның барлық мектеп оқушылары белсене қатысты. Жұмыстар 1-10 ақпан  күндері аралығында қабылданып, аудандық кітапхананың instagram әлеуметтік парақшасында үздіксіз жарияланып отырды. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Соғады жүрек» атты кітап көрмесі жасақталып, көпшілік оқырманға кеңінен таныстырылды.

Мұқағали сырлы әлем (1)

Марафон соңында барлық оқырмандарға аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Дина Даниярқызының атынан алғыс хаттар табысталды.

Мұқағали – өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

 

Салтанат Тұрарбекқызы,

Жаңақала аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале