1.08.2018, 12:06
Оқылды: 37

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қабылдады  

 

IMG_5504Тамыздың алғашқы күнінде «Нұр Отан» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында «Кедергісіз болашақ» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.


Мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру мақсатын көздеген шарада аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, ауылдық округ әкімі аппараты, аудандық орталық аурухана, әділет басқармасының қызметкерлері мен мамандары қабылдау жүргізді.

IMG_5513III топ мүгедегі Сұлтан Сүлеймановтың, II топ мүгедегі Жексенғали Капуринның жұмыс жөніндегі өтініштері 3 тамыз күні өтетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде қаралады.

Ал I топ мүгедегі Бітімбай Дарисовтың емделу жолдамасы жөніндегі сұрағы орталық аурухана меңгерушісіне жолданды.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініш-тілектерін назарға алып, оң шешімін табарына оларды сендірді.

Әлия Күзбаева

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале