30.09.2022, 15:15
Оқылды: 68

“Мұрагер” үздік атанды

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда “Театр фестивалі-2022” облыстық байқауы өтті.

image-30-09-22-02-43-7

Фестивальге Сырым ауданының “Бұлан” халық театрынан бөлек, бөрлілік “Мұрагер”, “Казталов”, “Қаратөбе”, “Тасқала” халық театрлары мен оралдық “Алтын орда” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрлары қатысты.

image-30-09-22-02-43-5

Сырымдық талантты режиссёр Сәндібек Өтеғалиев “Дариға жүрек”, бөрлілік танымал театр актрисасы Әсел Молдағалиева Қ.Иманалиевтің “Жас” қойылымын жүректерге жеткізіп, өз образын тиісті деңгейде алып шықты.

Казталовтық Нұргелді Камаледен жас драматург Мұрат Қолғанаттың “Қуыршақ” психологиялық моноспектакліндегі қоғам пікірін ашық көрсете білсе, қаратөбелік Ақылбек Амантай А.Жұбанғалиевтің “Жарық” қойылымын жарқ еткізді.

image-30-09-22-02-43-6

Орал қалалық “Алтын орда” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театрының актёрі Ерен Сардар болса облысқа танымал режиссёр Самал Әбуовтың “Тозақ шеңберін”, тасқалалық Ермұхан Айхан Ж.Мырзагереевтің “Мен ояндым” спектаклін жоғары деңгейде көрермен жүрегіне жеткізе білді.

Аталған театрларға Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, “Парасат орденінің” иегері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов бастаған Алмат Шарипов, Мәулет Жұбатов, Мұрат Мәмбетов секілді өңірге танымал театр майталмандары төрелік етті.

image-30-09-22-02-43

“Театр фестивалі-2022” байқауының нәтижесі төмендегідей:

 ”Үздік қойылым” номинациясымен Әсел Молдағалиева / “Мұрагер”/ халық театры; 

”Жаһанша Досмұхамедов” атындағы арнайы жүлде Ерен Сардар /Орал қалалық қоғамдық театры/  (“Үздік актёр”);

”Сырым Датұлы” атындағы арнайы жүлде Жалғасбек Мырзагереев.

/Тасқала ауданы/ (“Үздік режиссура”);

Жүлдегерлерден бөлек қатысқан барлық театр ұжымдарына Сырым Датұлы ұрпақтарының атынан қаржылай сыйлық.

Толық ақпарат “Сырым елі” газетінің алдағы аптадағы санында жарық көреді.

Айжан Амангелдина,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале