27.05.2022, 17:30
Оқылды: 10

Мұсылмандар зираты қоршалды

Қасиетті жұмада Жәнібек ауылындағы теміржолдың арғы бетіндегі мұсылмандар зиратын тұтастай қоршау жұмыстары аяқталды. Бұл игі бастамаға аудан әкімдігі қолдау білдіріп, Жәнібек ауылдық округі әкімдігі қаражат бөліп, азғантай уақыттың ішінде зират қоршалды. Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев, аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев, бір топ ақсақалдар қауым басына барып, құран бағыштады.

284317393_2634396060029726_3047003120184417298_n

- Зираттар қоршалмаса, мал таптап, ішіне ит-мысық кіретіні белгілі.Сол себепті жыл сайын бейіттерді қоршау жұмыстары жүргізіліп келеді. Биылда ауылдың батыс бетіндегі мұсылмандар қорымына 2 млн 400 мың қаржы бөлініп, жалпы көлемі 3471 шаршы метрдей қоршау қоршалды. Әлі де басқа зираттардың маңын қоршап,жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарда бар,- дейді Абзал Бақытұлы.

284260192_2634396213363044_9053412356013420104_n (1)

Қазақ халқы «Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді. Осы сөздің астарында үлкен мән бар. Себебі аруақты құрметтеу, оған дұға жасау - сауапты істердің бірі.

Ә.Әбділда,

Жәнібек ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале