Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы орта мектепте «Қош бол, алтын ұя мектебім!» атты жас түлектерге орта білім бітіргендігі туралы аттестат табыстау кеші өтті.
Салтанатты кеште сөз сөйлеген мектеп директоры Мираш Өтеғалиева: - Мектеп бітіруші түлектер, сіздер алтын ұя мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қадам жасағалы тұрсыздар. Алдарыңыздар үлкен сынақ ҰБТ-дан жоғары балл жинап, қалаған маман иесі болыңыздар. Ұстаздарыңыз бен ата-ана сенімін ақтаңыздар! - деді.
Одан соң он бір жыл оқыған білім ордасын бітіргелі тұрған 28 түлекке аттестат табысталды. Сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Оразов жылы лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі. Кеш барысында жас түлектердің ата-аналары атынан Демеген Құзайыров пен Нұрзия Соқатова жас түлектерді мерейлі қуаныштарымен құттықтап, сəтті қадам тіледі.
Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz