8.12.2021, 11:20
Оқылды: 82

Музей ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Елбасы Н.Назарбаев жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алып, Жәнібек ауданы Ұзынкөл жалпы білім беретін орта мектебінде тарихи-өлкетану бағыты жаңғыртылып, тарих пәні мұғалімі Гүлнар  Бапахованың бастамасымен музей ашылды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина мен комиссар Ажыхан Дүйсеновтың қызы Клара Ажыханова салтанатты түрде музей лентасын қиды.

IMG-20211208-WA0002

Музей – елдің тарихын танытатын, салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттайтын құндылық. Музей жәдігерлерін мектеп оқушылары толықтай таныстырып шықты. Өз кезегінде мектеп директоры Лунаргүл Дишенова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Б.Сарбалина, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімі Бекежан Шарафутдинов сөз алып, тілектерін білдірді. Жиынға келген қонақтар, ардагер-ұстаз Айша Сақтапбергенова мен аталмыш мектептің түлегі Нұрлан Едігенов естелік жәдігерлерін сыйға тартты. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп оқушылары өнерлерін көрсетті.

IMG-20211208-WA0012

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале