6.01.2023, 10:45
Оқылды: 47

Музей қорына жәдігерлер қабылданады

Музей ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту мекемесі ретінде  жәдігерлерің жинау, зерттеу және сақтау сияқты функцияларды да атқарады.

11

«Музей қоры» түсінігі тұрақты сақтауға қабылданған материалдар жиынтығын білдіреді. Қор негізгі және ғылыми-қосалқы жәдігерлерден құралады. Қорға түскен материалдардың барлығын музейге келушілер көре алмайды. Көптеген материал қоймаларда жылдар бойы жатуы мүмкін. Олардың санаулысы ғана экспозицияға немесе көрмеге шығарылады. Ең қызықты жәдігерлерді таяуда ашылған «2022 жылдың екінші жартыжылдығында музей қорына қабылданған жәдігерлер» атты көрмеден тамашалауға болады.

13

Жалпы 2022 жылы М.Шолохов мемориалдық музейі қорына 229 жәдігер қабылданды. Оның ішінде 176 бірлік негізгі қорда және 53 бірлік ғылыми қосалқы қорда сақталуда. Алынған материалдардың ішінде аудио-радиотехника, сағат түрлері, картиналар және материалдық бағыттағы жәдігерлер бар. Ең қызықтыларына тоқтала кетсек, 1964 жылы шыққан 1-класты «Латвия-Рига СССР» радиоласын және «Романтика-115-стерео» аралас стереофонетикалық құрылғысын  Светлана Руденко тапсырған екен. 1680 жылы Киевте жарық көрген «Канонник» ескі кітабі мен 1944 жылы 18 ақпандағы № 42 «Советский воин» Қызыл Армия газетін Дмитрий Еркебаев музей қорына табыстапты. Осы және тағы да басқа жәдігерлерді музейге келіп көруге болады. Сонымен қатар, коллекционер Дмитрий Еркебаевтың «Часов старинных слышен бой...» атты сағаттар көрмесі әлі де жалғастыруда. Музей ыдыс-аяқ, киім-кешек, тұрмыстық заттар сияқты т.б. антиквариаттарды да алатынын айта кеткіміз келеді.

Р.Садыбекова,

Бәйтерек ауданы

мемориалдық М.Шолохов музейінің

 қор сақтаушы маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале