6.04.2022, 16:15
Оқылды: 74

Музейдегі мамонт сүйегі

Шыңғырлау музейінде «Археология және экология» залында орналасқан, көпшілік назарларына ұсынылған зіл (мамонт) сүйектері - келушілердің қызығушылықтарын оятатын құнды жәдігерлердің бірі. Бұл мамонт сүйектерін - тісі, жауырыны, жамбасының сынығын 60 жылдары сол кездегі музейге басшылық жасаған Отрадный сегізжылдық мектебінің директоры, ҚазССР оқу ісінің үздігі Қиыс Жұбаншалиев оқушыларымен өзен жағасынан тапқан болатын.

мамонт

Осы азамат мамонт сүйектері екенін орталық қалалар зертханаларына апарып, дәлелдеп, тіркеген. Тіршілігі қай уақытта да үзілмеген ауданымыздың жерінде осындай ғажайып жануарлар мекендегенін табылған мамонт сүйектері дәлелдеп отыр. Ежелгі дәуір олжаларының бәрі тарихи тұрғыдан баға жетпес өте құнды жәдігерлер екені талассыз.

Мамонттар - сүтқоректілердің жойылып кеткен түрі. Бойы 5,5 метр, салмағы 10-12 тонна болатын. Осылайша мамонттар қазіргі африкандық пілдерден екі есе ауыр болған.

Мамонттар 2млн - 9000 жылдарда Еуропа, Азия, Африка және Солтүстік Америкада мекендеген. Мамонттардың көптеген түрлері болган, оның ішінде дала мамонты, Колумб мамонты, ергежейлі мамонт және басқалар. Алайда, бұл түрлердің ешқайсысы жүнді мамонт сияқты кең таралмаған.

Мамонттардың сүйектері ежелгі адамдардың тұрақтаған жерлерінде табылған және ежелгі адамдармен жасалған суреттерде мамонттар бейнеленген. мамонттардың қарапайым түрлері қазіргі пілдерден аспайтын, бірақ солтүстік америкалық түрі бойы 5 метр және салмағы 12 тонна болатын, ал кішкене түрлерінің бойы 2 метрден аспайтын және салмағы 900 килограмға дейін болатын.

Мамонттар суық климаттың өміріне жақсы бейімделген. Қазіргі пілдерге қарағанда, денелері ірі, үлкен болған, аяқтары қысқа, ұзын жүнді, құлақтары кішірек және ұзын иілген азулар болған. Азулардың арқасында қысқы уақытта қардың астынан тамақ таба алатын. Мамонттар соңғы мұз дәуірінде шамамен 10 мың жыл бұрын жойылып кеткен. Бір гипотеза бойынша палеолит дәуіріндегі аңшылары жойған, ал екінші гипотеза бойынша климаттың өзгеруі себептерінен жойылып кеткен және метеорит құлауы себебінен жойылды деген ойлар бар.

Толқын Үмбеталиева,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале