25.04.2024, 11:30
Оқылды: 84

Музыкалық жас көрермен театры Сырымда спектакль қояды

Асхат Маемиров жетекшілік ететін Астана қаласындағы музыкалық жас көрермен театрын «реформатор» деуге әбден болады. Көрерменін мөлдір мюзиклға ұйытқан театрдың әр қойылымы қазақ мәдениеті үшін - жаңалық, жаңа тыныс. 

WhatsApp Image 2024-04-24 at 19.18.51

Мәселен, драматург Дулат Исабековтың повесі желісінде дайындалған «Гауһартас» музыкалық драмасы бір жылдың ішінде 165 рет сахналанып, қазақ театр өнері кеңістігінде рекорд орнатқан. Қоюшы – режиссер Асхат Маемировтың көркемдік шеберлігінің дәлеліндей болған драма былтыр «UMAI – 2023» премиясына ие болды.

WhatsApp Image 2024-04-24 at 19.20.27

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жерлесіміз Асхат Максимұлы мамырдың екінші жұлдызы күні елге келе жатыр. Артында алтын дөңгелекті театр керуені. Көрермен үшін қуанышты жаңалық – әйгілі «Гауһартас» драмасы сол күні Жымпиты сахнасында қойылады. Келесі күні елордалық музыкалық жас көрермен театры Сарой ауылдық округінде «Абай мен Тоғжанды» сахналайды.

«Гауһартаста» басты рөлді жұртқа «Жаужүрек мыңбала» фильмі арқылы танылған актер Асылхан Төлепов сомдайды. Ал Аян Өтепберген ертең елмен Абайдың жігіт шағы болып жүздеседі.

 

Б. Шерім,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале