13.02.2025, 17:00
Оқылды: 169

Мыңға жуық қаратөбелік «Атамекенді» бірге шырқады

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің туған күні. Өнер иесінің 85 жылдық мерейтойына орай оның туған жері Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының орталығында мыңға жуық тұрғын жиналып, «Атамекен» әнін шырқады. 

 WhatsApp Image 2025-02-13 at 17.27.49

Қасиетті Қаратөбе топырағы алаштан ән оздырған сал Мұхит, ән саңлағы Ғарифолла Құрманғалиев секілді өнер майталмандарын өмірге әкелсе, Ескендір Хасанғалиев сол дәстүрдің заңды жалғасындай болып байтақ елге танылған дарынды тұлға.

WhatsApp Image 2025-02-13 at 17.27.48

Композитордың Отанға деген жоғары патриоттық сезімді дәріптейтін бір ғана «Атамекен» әні барша қазақстандықтың туған жеріне деген махаббатын, сағынышын бейнелейтін шоқтығы биік шығарма. Осындай деңгейде ән жазған өнер тарланының Қаратөбе топырағында дүниеге келіп, сол топырақта есейіп, ер жетуі жерлестері үшін зор мақтаныш әрі мәртебе.

WhatsApp Image 2025-02-13 at 17.27.49 (1)

- Біз бүгін ел мақтанышына айналған Ескендір ағаны сағынышпен еске алып, өнерін ұлықтап, асқақ рухын жадымызда сақтай отырып, «Атамекен» әнін аудан халқы болып бірге шырқаймыз! – деді Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев орталық алаңға жиылған аудан тұрғындарының алдында.

Нұртас Сафуллин,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале