«Тәрбие бесіктен бастау алады» деп атам қазақ текке айтпаса керек. Өкінішке қарай, бабаларымыздың осынау өміршең сөзін санасынан шығарып, отбасы тыныштығын бұзып, бала-шағасының берекетін кетіретін отағасылар бар. Оларға сот әкімшілік құқық бұзушы ретінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша ескерту немесе әкімшілік қамау жазасын тағайындайды.
Кейбір ер-азаматтар ішімдіктің салдарынан әкімшілік жазаға тартылғанын, ұрпағына залалы тиетінін ескерместен, зайыбына тағы да тіл тигізіп, сыйламаушылық танытатын жайлар жиі кездеседі. Мұндайда заң бұзушы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жазаға қайыра тартылады. Шағымданушыдан кешірім болмаса, ол 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Былтыр Бөкей ордасы аудандық соты арқылы осындай әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 106 тұлғаның 66-сы бітімгершілікке келсе, төртеуіне ескерту, 34-іне қамау жазасы қолданылып, екеуі айыппұл төлеген. Ал биылғы 10 айда да аудандық сотта 74 тұлғаға қатысты іс қаралып, 3 адам ескерту алып, 20-сы қамау жазасына кесілсе, 51-іне кешірім берілген.
Б.Мәну,
Бөкей ордасы аудандық сотының бас маманы