16.06.2023, 23:11
Оқылды: 94

Нартай Байменов: “Бағымсыз жүрген мал иелеріне шара қолдануымыз керек”

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Сырым ауданының прокуроры Нартай Байменовтың төрағалығымен, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязовтың қатысуымен “Сырым ауданындағы қылмыстарға қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы және профилактикасы” тақырыбында заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық кеңес отырысы өтті.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.02 (1)

Жиында Сырым аудандық прокуратурасының аға прокуроры Айдар Алимжанов, аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Серіков, білім беру бөлімінің басшысы Әділ Ахмет баяндама жасады. Сырым аудандық прокуратурасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желілердегі алаяқтық бойынша арнайы түсірілген бейнеролик көрсетілді.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.03 (1)

Айдар Әділжанұлының сөзіне сүйенсек, ауданда мал ұрлығы былтырғы жылмен салыстырғанда екі еседен көп және алаяқтық, интернеттегі алаяқтық, кәмелетке толмағандар арасында қылмыс өршіп тұр.
Мал ұрлығы көбіне көп далалық жайылымнан орын алатындығы белгілі болды. Мысалға айтсақ, былтырғы жылы жеке қорадан 10, далалық жайылымнан 10 факті, ағымдағы жыл басынан бері даладан 18, қорадан 2 факті мал ұрлығы тіркелген. Соңғы 5 айда 32 бас мал ұрланып, жәбірленушілерге 11 920 000 теңге залал келтірілген.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.02

Аудан әкімінің орынбасары Артур Мұратұлының айтуынша, аудан бойынша жыл басынан бері 815 жылқы малы чипталған.
Аудан бойынша 62 566 ірі қара, 108 343 ұсақ мал, 23 289 жылқы малы, 80 түйе тіркелген.
Мал ұрлықтарының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында ағымдағы жылы иесіз немесе бағымсыз жүрген малдарды қамау үшін әрбір ауылдық округтегі шаруа қожалықтарымен уақытша қамау орындары ұйымдастырылып, меморандумға қол қойылды.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.06

- Аудандағы қоғамдық орындардағы қылмыстар 2-ден 5-ке дейін, көшедегі қылмыстар 3-ке дейін, жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстар өсіп отырса, мас күйдегі жасалған қылмыстар саны 5-тен 1 фактіге дейін азайып отыр. Сырым ауданы көлеміндегі қала аралық және ауылдық округтерге қатынайтын көлік жолдарына тексеру жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою үшін, жол пайдалану мекемелеріне жыл басынан 42 ұйғарымдар жіберіліп, жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғандары үшін 5 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде 3 әкімшілік хаттама Жымпиты-Орал тас жолына, 1 әкімшілік хаттама Жымпиты-Ақсай гридер жолына және бір әкімшілік хаттаманы Жымпиты ауылы Қаратаев көшесіндегі Қ.Мырзалиев ЖББОМ мектебінің алдындағы жол белгілерін күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Осы кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 313 жол қозғалысы ережелерін бұзушылық анықталып, әкімшілік жазалар қолданылды. Автокөлікті мас күйде басқарғаны үшін 13 адам анықталып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, - дейді баяндама жасаған полиция бөлімінің бастығы.
Жиынды қорытындылаған аудан прокуроры Нартай Елібайұлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жолында әріптестеріне қоян-қолтық жұмыстану керектігін айтты.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.07

Алдағы уақытта жиында көтерілген кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі рейдтер ұйымдастыру, бопсалау фактілері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мал бағымына бақташы шығару мәселесі,
Жымпитыға кіре берістегі жол бойына бақылау камераларын орнату, түнде бағымсыз жүрген малдарға шара қолдану, алаяқтық бойынша әкімдермен, мектеп, аурухана мамандарына түсінік жұмыстарын жүргізу секілді мәселелер шешімін табатын болады.

WhatsApp Image 2023-06-16 at 20.59.07 (1)

Соның ішінде, бағымсыз жүрген мал иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізіп, нәтиже болмаған жағдайда хаттамалар толтырылып, әр учаске бойынша WhatsApp қосымшасынан арнайы топ ашылып, мекеме қызметкерлері арасында кезекшіліктер ұйымдастырылып бағымсыз мал иелерімен жұмыстану бағытында тиісті шаралар қолданылмақ.

А.Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале